Feeds:
Жазбалар
Пікірлер

Осы екі кездесуді шыдамсыздана күттім. Соңғы кездері өзіме рухани әлсіздігім байқалып жүр еді. Алтынай апайымыздың белгілі қоғам қайраткері, жазушы, журналист ДИДАР АМАНТАЙМЕН кездесу ұйымдастырғаны жаныма шипа болды.Кездесу ҚазҰУ-дің филология факультетінде өтті. Біраз ойлар, қызықты мәселелер айтылды. Әсіресе Дидар ағайдың қазақша сайттар ашу мәселесін жастарға баса айтқанын құптадым. Менің бір ойымда жүрген шаруаларды да қозғады. Ойымды тереңдете түсуге бел будым. Болашақта сіздермен міндетті түрде бөлісемін. Әсіресе,маған ағайдың ұлттық, патриоттық сезімін асқан салмақтылықпен жеткізе білгені ұнады. Мына сөзін түртіп алдым «Қазір біз сорлы қазақтың күйінен, қайраткер қазақтың күйіне өтуіміз керек» деген. Расында жылай берсек жылай береміз. Одан да нақты іске бет бұру керек.
Кездесудің соңына қарай тыпырши бастадым. Өйткені Жазушылар Одағында ақын Жарас Сәрсектің кеші болғалы жатыр еді. Бүгінгі жоспарда ол да бар. Сөйтіп ұштым Одаққа қарай.Ақындық жаныма жақын болғаннан кейін өте керемет әсермен оралдым бұл кештен де. Қазақтың кілең Сен тұр, мен атайындарының бәрі жүр. Қызықтым. Нағыз бақыт осы шығар. Жарас ағаның кеш соңында оқыған «Мен бақыттымын, анаумен салыстырғанда» деген өлеңі керемет. Соны тауып оқып көріңіздерші. Расында барға қанағат ете білу керек. Бұл күнім текке өтпеді. Бастысы жаным емделді. Осындай кештер болса айтып қойыңыздаршы…

Асығып жетсем де…

Алыста жүріп аңсаған жүрек дүрсілі,
Сүйгенім үшін қоямын іштей күрсініп.
Қаумалап алып кінәлап жатыр барлығы,
Көрген жоқ бірақ мұңымды менің түсініп.

Кішкентай жүрек күйдірді мені өртеніп,
Өшіре алмас суық желдің де өпкені.
Бір күйсем жаным күйейін сендік жалынға,
Бұйырса бізге махаббатттардың көктемі.

Жия алмай есті жүрмін бе сірә қиялдай,
өз шындығыңа өзіңді қалқам қия алмай.
Табыспасақ та өмірде мына өткінші,
Түсіме еніп тұрсаңшы мені жиі алдай.

Жүрегім құрғыр соқса да мәңгі тек сен деп,
Жалғанда тағы мұнымды кімдер ескермек.
Біз барар бақтың бұлбұлдары да сайрамас,
Бекер-ау бәрі асығып саған жетсем де…

Кешегі кездесу

Жексенбі күні Асхат  агаймен Рамсторда жана медианын мумкиндиктери туралы ой болистик. Асхат агай маган буган деин Медиамектепте осы туралы сабак откизген еди. Бул жолы телефон аркылы блог жургизудин кыр-сырын уйретти. Кырсыкканда уялы телефонымнан интернетке дурыс косыла алмадым. Негизинен жаксы ис екен.Кез келген жерде журип-ак оз ойларынмен болисе аласын. Кездесуде Куралай жане Нуркен деген замандастарым болды. Буган деин блогка анада-санда кирип журетинмин,енди дурыстап колга алуга бекиндим.Асхат агайга ризамын. Оз билгенин озгелерге уйрету кез келгеннин колынын келе бермейди гой. 2 сагаттай кездесу менин омириме кажеттимди алуга коп септигин тигизди.

Пайдалы кітап

Қзақстан журналистерінің тәжірибесінен. Бұл кітап желтоқсан айында баспадан шықты. Халықаралық Медианет Журналистика орталығының бастамасымен ( және бірнеше ұйымдардың қолдауымен )шыққан бұл кітап журналист болам деп талпынғандар үшін нағыз практикалық құрал болмақ. Жұлдыз Әбділда, Кәмшат Тасболатова, Асхат Еркімбай, Есенгүл Кәпқызы, Вячеслав Абрамов сынды қазіргі тәжірибелі журналистердің практикасы мен ақыл кеңестері жинақталған мұнда. Кітапқа өте қызықтым. Қазір жатып алып сол кітапты оқудамын. Ешқандай қаржылық мақсатты көздемеген жобалы кітап сатылымға түспейді. Егер қызықсаңыздар оқуға бере тұруға болады. Жалпы Медианет бүгінде игі шаралар атқарып келе жатқан ұйым екендерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бастысы қажеттілікті қанағаттандырып жатыр.

ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕ, ЖАҢА ЖЫЛ МА?

Бүгінгі ұрпақтың жарқын өмірі – кешегі ата-бабалардың қан төгісінің арқасы. Ғасырларды ақтармай-ақ 1986 жылғы оқиғаны айтсақ та жетіп жатыр. Алайда біз ол күндерді қалай ұлықтаймыз? Соны ойланып көрдік пе? Дәл қазіргі уақытта өзіміздің тәуелсіздік мейрамынан гөрі жаңа жыл мерекесінің мәртебесі жоғары ма деп қалдым. Мұны жай ғана қаламыздың әр көшесінен өткенде байқауға болады. Әр көшедегі жаңа жыл жарнамалары тәуелсіздік мейрамын халықтың есіне түсіргісі келмейтіндей.  Тәуелсіз елде өмір сүріп жатқан біздің қоғам әлі де тәуелділіктен арыла алмай келе жатқанын осы құбылыстар тағы бір байқатады. Әйтпесе…

Жаны сұлу қыз

suret0081

Жаны сұлу қызбен

Өмірде қанша адам болса, сонша түрлі мінез, түсінік ,талғам бар. Ол да сол жандардың бірі. Ол ешкімге ұқсамайды. Біреулер оны түсінеді, ал біреулер түсінбейді.  Ол менің жан құрбым да емес. Бірақ оның ішкі жан дүниесінде не болып жатқанын мен ұғамын. Ол бәріне қызық адам болып көрінеді, расында солай, бірақ ол оның  ерекшелігінің көрінісі. Ол ертең белгілі ғалым болады.( сенімді түрде айта алам) Бірақ дәл осы жан сұлулығымен қала береді. Өйткені ол қарапайымдылықты сүйеді.

» Мен қазақ қыздарына қайран қалам

Жанары, жаны жахдай жайраңдаған.

Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам!»

Иә, бір кездері ақын аталарымыз қазақ қыздары, яғни біз туралы осылай толғанып еді. Бұл Отан соғысында от кешкен, желтоқсанда қаһарлы қыстың ызғарымен арпалысқан әпкелерімізге ғана лайық па деп қалам кейде. Әрине көпке күл шашудан аулақпын, дегенмен қыздар бүгінгі қоғамның аждаһа ықпалынан шыға алмай жатыр. » Бір қарын майды шірітіп жүрген құмалақтар бар арамызда». Біз келеңсіздіктермен күресудің орнына оларды қолдап келе жатырмыз.  Мұстафа Шоқай атамыз «батыстан тәлім – тәрбие білім алған зиялылар, шыңыс зердемізден айырып жатыр» деп айтқан екен. Батыстан алып, сол себепті болмысымызға жат нәрсені жасамайық, қыздар! Әйтпесе бізге таң қалатын ата да, аға да қалмауы мүмкін…

d0b7d0bed0bbd0bed182d0b0d18f-d181-055

Біз қазақы нақышпен көмкерілген ресторанда отырмыз. Жын ойнаған клутарға барғанша осындай жерлерде жан сергіткен керемет екен.

Біз универдің ІІІ курсына келдік. Жеңіліспен де, жеңіспен де дос болдық, Тасымадық, жасымадық. Бастысы көп нәрсені үйренумен келеміз. Білімнің Қара шаңырағы саналатын ҚазҰУ – дан білім алу- кез-келгенге бұйырмас бақыт. Біз бақыттымыз!!!!!! Ал, сіз ше?

Сағыныш- серігім

Сағыныш менің бекіп те алды жаныма,

Жеткізе алмай жатқан сезімді таң ұға.

Мезгілсіз маза алмайын дегем ендігі,

Бұлбұлың болып оралып көрем бағыңа.

Жанымның мұңлы сәттері салды суретін,

 Жанымда жоқсың жаһанда қалдым мен жетім.

Күнім де күлмей, түнім де енді мазасыз,

Сырласым менің ауруханасыз үн дерті.

Сағынышымның серігі өзің еңселі,

Таразы сезім тоқтай алмай тұр теңселіп.

Асыққан толқын айдаса, қалқам, мені күт,

Сағынып барам, сағынтып барам мен сені.

Hello world!

Welcome to WordPress.com. This is your first post. Edit or delete it and start blogging!